01
Тамақтану
Балабақша бойынша күн тәртібі бағдарлама талаптарына сәйкес орындалады. Күндегі ас мәзірі құрастырылады. Балабақшада тәрбиеленіп жатқан балаларға үш мезгіл ыстық тамақ әзірленеді. Тамақ құрамында жылдың кез-келген мезгілінде көкөніс өнімдері мен жеміс-жидектер, сүттен жасалған тағамның барлық түрлері үзілмейді. Балабақшаға әкелінген азық-түліктердің барлығы сертификатталынған немесе азық-түліктің қауіпсіздігін растайтын басқа да құжаттары бар. Ас блогының санитарлық-гигиеналық жағдайы барлық талаптарға сәйкес келеді. Асханаға керекті барлық құрал-жабдықтар жеткілікті. Асхананың санитарлық жағдайына бақылау жасалып тұрады. Азық-түліктің сапасына және дайын азық-түліктің сапасы мен мөлшеріне бақылау жасалады.